Ауру тарихы ауруханадан тыс пневмония
Ауру тарихы: ЖРВИ, ошақты пневмония
І.Паспорттық бөлімі.
Науқастың аты-жөні: Серикбаева Маржан Манарбековна
Жынысы:әйел адам
Жасы: 19 жаста
Кәсібі: КазГЮУ 2 курс студенті
Тұрақты мекен- жайы: Семей қаласы,Сеитова көшесі-86
Науқастың ауырған күні: 9.09.2010
Шыққан күні:
Алғашқы диагноз: Оң жақ өкпенің пневмониясы
Клиникалық диагноз: ЖРВИ орташа дәрежелі,ауруханадан тыс дамыған оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы,өткір түрі,бактериалды этиологиялы.
1.Науқастың шағамы:
Негізгі:дене қызуының 39,5ºC дейін көтерілуі,жөтел,кеуде тұсының ауырсынуы,жалпы әлсіздік.
2.Anamnez morbi
Ауырғанына 3 күн болған,жоғарыдағы шағымдар үдей түскен соң жедел жәрдем шақыртқан.
- Басынан өткізген аурулары:
ЖРҚИ, ЖРА,туберкулез,венералогиялық аурулармен ауырмаған.
- Аллергологиялық анамнез
Дәрілік препараттарға және тағамдық өнімдерге аллергиялық реакциялар жоқ.
- Жанұялық анамнез және тұқымқуалаушылық
Жанұяда 3 баланың ортаңғысы, казіргі кезде КазГЮУ 2 курс студенті. Қант диабеті, қан ауыруы, психикалық аурулары ата-анасында, туысқандарында жоқ.
- Науқастың өмір тарихы (Anamnesis vitae): Серикбаева Маржан Манарбековна 1991 жылы май айының 8 күні Көкпекті ауданында,Шуғылбай ауылында дүниеге келген.
1998 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттайды. № 2 мектепті бітірген. Мектепте орташа үлгеріммен білім алған. Мектеп бітірген соң Семей қаласындағыКазГЮУ грантқа түскен. Бала кезінен әлеуметтік жағдайы орташа. Жыныстық қатынасқа түспеген. Алкагольдік ішімдіктерді және темекіні шекпеген.
- Обьективті тексеру:
а) Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, төсектегі қалпы жартылай белсенді. Тері жабындылары таза, ақшыл-бозғылт түсті, бөртпелер жоқ, тері асты май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, қызғылт.
Сүйектерде деформацияланулар мен қисаюлар жоқ. Қол, омыртқа жотасының буындар қозғалысы шектелмеген, еркін және деформациясыз. Дене бұлшық еттері жақсы дамыған, күші тонусы қалыпты.Науқас нормостеникалық типті.
Лимфа бездері (жақ асты, мойын, бұғана үсті, кубитальді, кіндік маңайы, сан немесе шапбездері) ұлғаймаған, ауырсынусыз, қозғалмалы, ісінулер жоқ.
б) Сана-сезімінің жағдайы.
Психикасы, есі анық, дұрыс. Интелекті жақсы.Ұйқыс қалыпты. Есіне сақтау қабылеті бұзылмаған. Басының ауыруы, айналуы байқалмайды. Сөйлеу ,көру ,иіс сезу қабылеті қалыпты. Мүшелердің жансыздануы, салдануы қалшылдауы жоқ. Көз қарашықтарының жағдайы, олардың жарыққа сезімталдығы қалыпты. Рефлекстері (кірпіктің, қарашықтың, тізе, өкше және т.б.) сақталған. Бас ми жарақаттары болмаған. Ми қабының қабыну белгілері жоқ. Нерв жүйесінде паталогиялық өзгерістер жоқ.
Бойы: 164 см
Салмағы: 52 кг
- Тыныс алу жүйесі.
Кеуде клеткасы нормостеникалық типті, симметриялы. Тыныс алуы мұрын арқылы. Пальпация кезінде кеуде қуысы ауырсынады.. Дауыс дірілі күшейген.
Перкуссия: Кеуде куысының төменгі оң жақ бөлігінде тұйықталған дыбыс. Топографиялық перкуссия жүргізгенде,өкпе ұшының орналасуы:а)артқы жағынан сол жақта-VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен латеральді бұғанадан 2 см жоғары;оң жақта- VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен2,5 см латеральді.б)алдынғы жағынан оң жақта- бұғана үсті шұңқырынан 2 см жоғары; оң жақта- бұғанадан 2,5 см шығып тұрады.
Кренинг алаңы- сол жақтан 4 см, оң жақтан 4 см.
Өкпенің топографиялық перкуссиясы:
Өкпенің төменгі шекарасы:
Сызығы | Оң жақта | Сол жақта |
Омыртқа маңы сызығы | V-ші қабырғаның жоғарғы жиегі | — |
Бұғана орта сызығы | V-ші қабырғаның жоғарғы жиегі | — |
Алдыңғы қолтық асты сызығы | VII-ші қабырға | VII-ші қабырға |
Ортаңғы қолтық асты сызығы | VIII-ші қабырға | VIII-ші қабырға |
Артқы қолтық асты сызығы | IX-шы қабырға | IX-шы қабырға |
Жауырын сызығы | X-шы қабырға | X-шы қабырға |
Омыртқа маңы сызығы | XI-шы кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі деңгейінде |
Өкпенің төменгі шетінің қозғалғыштығы | ||
Сызық | Оң жақ өкпе | Сол жақ өкпе |
Бұғана орта сызығы | 4 см | |
Ортаңғы қолтық асты | 2,5см | 2,5см |
Жауырын сызығы | 3,5см | 3,5см |
Аускультация: Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар естіледі
6.Жүрек және қан тамырлары жүйесі.
Қарап тексергенде мойын тамырлары қалыпты. Жүрек тұсында патологиялық өзгерістер жоқ. Жүрек ұшы түрткісі, жүректік түрткі анықталады.
Пальпация.
Жүрек ұшы түрткісі бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай, сол жақта V-ші қабырға аралықта анықталады. Оның аумағы шамамен 1,5 см, орташа күшті, резистентті. Пульсі 73 рет минутына.
Перкуссия.
Жүректің шекаралары қалыпты .
Жүректің оң жақ салыстырмалы тұйықтығының шекарасы төстің оң жақ шекарасынан 1 см сыртқа қарай орналасқан. Сол жақ салыстырмалы тұйықтығының шекарасы бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай орналасқан.
Жүректің жоғарғы шекарасы бұғана орта сызығы бойынша 3-ші қабырға денесіне сәйкес. Салыстырмалы тұйықтық көлденен- 12 см.
Жүректің оң жақ абсолютті тұйықтығының шекарасы төстің сол жақ шетінен 1 см ішке қарай.
Сол жақ абсолютті тұйықтығының шекарасы бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай.
Жоғарғы абсолютті тұйықтығының шекарасы сол жақ 3-ші қабырғаның төменгі шеті.
Қан тамыр шоғырының ені 5 см.
Аускультация:
Жүрек тондарыжақсы естіледі. Жүректің жиырылу жиілігі 75 рет минутына. “Бөдене ырғағы”, “шоқырқақ ырғағы” жоқ. Артериалды қан қысымы сол жақта да, оң жақта да 110/80 мм.сын. бағ.
- Ас қорыту жүйесі.
Тілі құрғақ, түбіне қарай ақ жабынмен жабылған. Еріннің, ұрттың, таңдайдың, араңнын шырышты қабықтары қалыпты түсті.Еріндерінде цианоз байқалады. Бадамшалар өзгермеген. Іш пішіні қалыпты. Іш симметриялы, үлкеймеген. Ішектің көрінетін перистальтикасы және антиперистальтикасы жоқ. Жарықты томпаюлар жоқ. Тыныс алғанда кеуденің екі бөлігі бірдей қатынасады. Венозды коллатеральдар жоқ.
Пальпация:
Беткей пальпация кезінде іші жұмсақ,пальпацияда ауырсынусыз .
Перкуссия:
Құрсақ үстінен тимпаникалық перкураторлы дыбыс естіледі, ол ішектің үстінде айқын, асқазан үстінде онша айқын емес.
Оң жақ мықын аймағына перкуссия жасағанда тимпанит естіледі.
Газдар шығады. Перистальтика естіледі.
Бауыр, көкбауыр. Бауыр оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойынша қабырға доғасының астынан 3см төмен пальпацияланады. Шеті үшкір, беті тегіс, ауырсынусыз. . Өт қабы пальпацияланбайды. Көкбауыр пальпацияланбайды. Перкуторлы: ұзындығы-7см, ені-5см.
- Жыныс-зәр шығару жүйесі.
Қарап тексергенде бел аймағында ісіну анықталмайды, ауырсынбайды. Бел бұлшық еттерінің қатаюы анықталмайды. Пастернацкий симпомы екі жақта да теріс. Бүйректер, қуық пальпацияланбайды. Дизуриялық бұзылыстар жоқ. Біріншілік және екіншілік жыныстық белгілері жасына және жынысына сай. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Күндізгі диурез 5 рет, түде 1 рет. Жыныстық дамуы қыз типтес. Жыныс мүшелері қарап тексергенде ерекшеліксіз, пальпацияда өзгермеген.
9) Нерв жүйесі :
Нерв-психикасы жүйесінде өзгеріс жоқ. Есі анық, тұманданған емес. Ұйқысы бұзылған. Интеллект орташа дамыған. Тәртібі дұрыс, шапшаң емес. Есте сақтау қабілеті төмен. Бас аурулары, бас айналуы шаршағанда, қалжырағанда байқалады.сөйлеу қабілеті бұзылмаған. Есту әрекеті қалыпты, көруі нашарлаған.
Мүшелердің жансыздануы, сал (параличь), қалшылдау құбылыстары жоқ. Рефлекстері ( кірпіктің, қарашықтың, тізе, өкше) дұрыс дамыған, патология жоқ. Қарашық рефлекстері жарыққа сезімтал. Бас сүйек, ми жарақаттары жоқ.
10) Эндокриналық жүйе :
Қалқанша безі пальпациялағанда ұлғаймаған, қалыпты.
- Болжам диагноз:
Науқас түскен кездегі шағымдарына:
Негізгі: дене қызуының 39,5ºC дейін көтерілуі,жөтел,кеуде тұсының ауырсынуы,жалпы әлсіздік.
Обьективті тексерулерге байланысты: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, төсектегі қалпы жартылай белсенді. Тері жабындылары таза, ақшыл-бозғылт түсті, бөртпелер жоқ, тері асты май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, қызғылт.
Пальпация:Кеуде қуысы ауырсынады, резистенттілігі орташа, дауыс дірілі күшейген.
Аускультация: Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар естіледі
Перкуссия: Кеуде куысының төменгі оң жақ бөлігінде тұйықталған дыбыс.
Осы мәліметтер бойынша болжам диагноз қойдым: Оң жақ өкпенің пневмониясы .
12.Науқасты тексеру жоспары:
- Жалпы қан анализі
- Жалпы зәр анализі
- 3. Қақырық анализі
13.Қосалқы клиникалық әдістерді қолдану және олардың анықтамаларына түсініктеме беру.
1.Жалпы қан анализі:
09.09.10ж
Гемоглобин- 135 г/л
Эритроциттер 3,9-1012/л
Лейкоциттер 7,8-109/л
ЭТЖ – 50 мин/сағ
Гемотокрит – 39%
2.Жалпы зәр анализі:
09.09.10ж
Түсі –сары, мөлдір
Салыстырмалы тығыздығы 1,021
Белок жоқ
- 3. Қақырық анализі:
Түсі : сұр
Консистенция: вязкая
Эпителии: мерц 1-3-5 көру алаңында
Альвеолалық макрофаг: 7-10-15 көру алаңында
- Биохимиялық қан анализі:
Мочевина 5,9 ммоль/л
Жалпы билирубин: 10,56 ммол/л
Тура билирубин: 1,88 ммоль/л
12. Ажырату диагностикасы:
Науқастың негізгі ауруын басқа аурулардан ажырату үшін жүргізіледі.
13.Клиникалық диагноз және оны негіздеу:
Науқас түскен кездегі шағымдарына:
Негізгі: дене қызуының 39,5ºC дейін көтерілуі,жөтел, кеуде тұсының ауырсынуы, жалпы әлсіздік.
Обьективті тексерулерге байланысты: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, төсектегі қалпы жартылай белсенді. Тері жабындылары таза, ақшыл-бозғылт түсті, бөртпелер жоқ, тері асты май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, қызғылт.
Пальпация: Кеуде қуысы ауырсынады, резистенттілігі орташа, дауыс дірілі күшейген.
Аускультация: Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар естіледі
Перкуссия: Кеуде куысының төменгі оң жақ бөлігінде тұйықталған дыбыс.
Осы мәліметтер бойынша болжам диагноз қойдым: Оң жақ өкпенің пневмониясы .
Зерттеу анализдерін қарастыра отыра:
09.09.10ж
Гемоглобин- 135 г/л
Эритроциттер 3,9-1012/л
Лейкоциттер 7,8-109/л
ЭТЖ – 50 мин/сағ
Гемотокрит – 39%
2.Жалпы зәр анализі:
09.09.10ж
Түсі –сары, мөлдір
Салыстырмалы тығыздығы 1,021
Белок жоқ
- Қақырық анализі:
Түсі : сұр
Консистенция: вязкая
Эпителии: мерц 1-3-5 көру алаңында
Альвеолалық макрофаг: 7-10-15 көру алаңында
- Биохимиялық қан анализі:
Мочевина 5,9 ммоль/л
Жалпы билирубин: 10,56 ммол/л
Тура билирубин: 1,88 ммоль/л
Осы зерттеулерді талқылай отыра және обьективті белгілерді ескере отырып клиникалық диагнозды: ЖРВИ орташа дәрежелі, ауруханадан тыс дамыған оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы, өткір түрі, бактериалды этиологиялы.
14.Емдеу.
Диета № 15 Тетракцилин орташа дозасы 1-2г,стрептомицин булшыкетке 1г ,
Rp.: Sulfocamphocaini 10 % 2 ml
D.t.d. N.10 in ampull.
- 2 мл теріастына тәулігіне 2 — 3 рет
- Күнделік
14.09.10ж
Науқастың жағдайы орташа ауырлықта, ұйқысы нашар. Тәбеті орташа.. Дене қызуы жоқ.
Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, қалыпты түсті. Тыныс алуы мұрын арқылы. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, сырылдар естіледі.
Жүрек ырғағы қалыпты
Іші жұмсақ ауырсынусыз,. Аускультативті перистальтикасы бұзылмаған. Үлкен дәреті жиі. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз.
15.09.10ж
Науқастың жағдайы орташа ауырлықта, ұйқысы нашар. Тәбеті орташа.. Дене қызуы жоқ.
Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, қалыпты түсті. Тыныс алуы мұрын арқылы. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, сырылдар естіледі.
Жүрек ырғағы жиі.
Іші жұмсақ ауырсынусыз,. Аускультативті перистальтикасы бұзылмаған. Үлкен дәреті жиі. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз.
16.09.10ж
Науқастың жағдайы орташа ауырлықта, ұйқысы нашар. Тәбеті орташа.. Дене қызуы жоқ.
Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, қалыпты түсті. Тыныс алуы мұрын арқылы. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, сырылдар естіледі.
Жүрек ырғағы қалыпты.
Іші жұмсақ ауырсынусыз,. Аускультативті перистальтикасы бұзылмаған. Үлкен дәреті жиі. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз.
- Эпикриз
Серикбаева Маржан Манарбековна 1991 жылы май айының 8 күні дүниеге келген. 12.09.10 күнінен бастап Пульмонология бөлімінде «ЖРВИ орташа дәрежелі,ауруханадан тыс дамыған оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы,өткір түрі,бактериалды этиологиялы.
Негізгі шағымдары:Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ауырсынуы.
Қосымша шағымдары: жалпы әлсіздік, басының ауыруы, тәбетінің төмендеуі.
Ауру анамнезі: Ауырғанына 3 күн болған,жоғарыдағы шағымдар үдей түскен соң жедел жәрдем шақыртқан.
Лабораториялық тексерулер нәтижелерін қорытындылай отырып пульмонология бөліміне жатқызылды.
Обьективті зерттеулер: а) Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, төсектегі қалпы жартылай белсенді. Тері жабындылары таза, ақшыл-бозғылт түсті, бөртпелер жоқ, тері асты май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, қызғылт.
Сүйектерде деформацияланулар мен қисаюлар жоқ. Қол, омыртқа жотасының буындар қозғалысы шектелмеген, еркін және деформациясыз. Дене бұлшық еттері жақсы дамыған, күші тонусы қалыпты.Науқас нормостеникалық типті.
Лимфа бездері (жақ асты, мойын, бұғана үсті, кубитальді, кіндік маңайы, сан немесе шапбездері) ұлғаймаған, ауырсынусыз, қозғалмалы, ісінулер жоқ.
б) Сана-сезімінің жағдайы.
Психикасы, есі анық, дұрыс. Интелекті жақсы.Ұйқыс қалыпты. Есіне сақтау қабылеті бұзылмаған. Басының ауыруы, айналуы байқалмайды. Сөйлеу ,көру ,иіс сезу қабылеті қалыпты. Мүшелердің жансыздануы, салдануы қалшылдауы жоқ. Көз қарашықтарының жағдайы, олардың жарыққа сезімталдығы қалыпты. Рефлекстері (кірпіктің, қарашықтың, тізе, өкше және т.б.) сақталған. Бас ми жарақаттары болмаған. Ми қабының қабыну белгілері жоқ. Нерв жүйесінде паталогиялық өзгерістер жоқ.
Бойы: 164 см
Салмағы: 52 кг
Өмір тарихы: ерекшеліксіз
Қорытынды диагноз
Негізгі ауыру: ЖРВИ орташа дәрежелі, ауруханадан тыс дамыған оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы, өткір түрі,бактериалды этиологиялы.
Загрузка…
Источник
Автор: Otesh95 • Ноябрь 17, 2018 • История болезни • 1,700 Слов (7 Страниц) • 506 Просмотры
Страница 1 из 7
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасы
Жетекші: Пшенбаева А.С.
Курациялық парақ
Науқас: А
Негізгі диагноз: Ауруханадан тыс оң жақты төменгі бөліктік пневмония, орта ауырлық дәрежелі.
Интерн: Өтеш И.Ж.
712 Ішкі аурулар интернатурасы
Астана 2018
І. Құжаттық бөлім
- Аты-жөні: А
- Туған жылы: 16.10.1966 (53 жаста толық)
- Жынысы: әйел
- Мекен – жайы: Астана қаласы, Қарақұм 1.
- Жұмыс орны: жұмыссыз
- Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрған
- Ұлты: қазақ
- Түскен күні: 11.11.18 ж.
ІІ. Шағымдары:
- Сары – жасыл түсті аз мөлшердегі, қиындықпен қақырық бөлінуімен жүретін жөтел;
- Дене температурасың 38˚С дейін көтерілуі;
- Жалпы әлсіздік, шаршағыштық;
- Тәбетінің төмендеуі.
ІІІ. Anamnesis morbi (aуру тарихы)
Науқастың айтуы бойынша өзін 8 қазан айынан бастап аурумын деп санайды. Науқас ауруын суық тиюмен байланыстырады. Сырқаты дене температурасының 38˚С-қа дейін көтерілуімен, тершеңдік, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі және құрғақ жөтелмен басталған. Өз бетінше үй жағдайында парацетамол қабылдаған, бірақ әсер етпеген. Сары-жасыл түсті, иіссіз, көлемі аз қақырықтың бөлінуімен жүретін ылғалды жөтел қосылуына және интоксикациялық синдром күшеюіне байланысты жедел-жәрдем бригадасын шақырып, № 1 ҚА-ға жеткізілген.
Қабылдау бөлімінің кезекші дәрігерімен қаралған, науқастың жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты пульмонология бөлімшесіне жатқызылған.
ІV. Anamnesis vitae (өмір тарихы)
Науқас А 16.10.1966 жылы дүниеге келген. Жасына сай дамыған.
Әлеуметтік – тұрмыс жағдайы: орташа.
Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрған.
Еңбек анамнезі: Мектеп директоры қызметін атқарған. Қазіргі уақытта жұмыссыз.
Бұрын ауырған аурулары: теріс
Аллергиялық анамнез: науқастың айтуы бойынша теріс.
Тұқымқуалаушылық: науқастың айтуы бойынша теріс.
Зиянды әдеттері: жоқ
Туберкулез, гепатит В,С , тері-венерологиялық аурулар: науқастың айтуы бойынша теріс.
Гемотрансфузиялық анамнезі: қан құйылулар болған жоқ.
V. Объективті статус
Науқастың жалпы жағдайы:
– Орташа ауырлық дәрежеде.
– Есі анық.
– Төсектегі қалпы – белсенді.
– Дене бітімі: Астеникалық.
Бойы 1.57 см, салмағы – 80 кг. ДМИ 32,4 кг/м².
– Тері жамылғысы: ылғалды, таза, тургоры сақталған, тері асты май қабаты 2 см – ден жоғары.
– Лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырсынусыз.
– Бұлшықет жүйесі: біркелкі дамыған, ауырсынулар жоқ, тонусы сақталған, күші жасына сәйкес.
– Сүйек – буын жүйесі: деформациялар мен дефигурациялар жоқ, ауырсынулар жоқ. Буындардың активті және пассивті қимылы сақталған. Буын үстіндегі температура жалпы дене температурасымен бірдей. Терісі өзгермеген.
Жүрек-қантамыр жүйесі. Жүрек және ірі қантамырлар аймағын қарау: жүрек томпаюы мен көзге көрінетін пульсация жоқ.
Жүрек аймағының пальпациясы: жүрек ұшы түрткісі 5-қабырғааралықта бұғанаорта сызығынан 1,5 см ішке орналасқан, ауданы 2 см, күші орташа, биіктігі орташа, резистентті емес. ЖЖЖ минутына 78 рет. Пульс:
– жиілігі минутына 78 рет;
– синхронды;
– ырғақты;
– кернеулігі орташа,
– толуы орташа.
Жүрек перкуссиясы: жүректің салыстырмалы тұйық дыбыс шекаралары
Шекарасы | Орналасуы |
Оң | 4-қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен 1см сыртқа |
Жоғарғы | 3-қабырғааралықта төстің сол жақ шетінен 1 см сыртқа |
Сол | 5-қабырғааралықта ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см ішке |
Жүрек аускультациясы: Жүрек тондары анық, ырғақты.
ЖЖЖ минутына 78 рет. АҚҚ (оң қол) 120/80 мм.сын.б. АҚҚ(сол қол) 130/80мм.сын.б.
…
Доступно только на Essays.club
Источник
Арусланова Светлана Николаевна
Қорытынды клиникалық диагноз:
«Ауруханадан тыс екі жақты төменгі бөліктік пневмония, орташа ауыр жағдайда. ДН II. Артериалық гипертензия 3 деңгей, қауіп 3. СЖЖ ФК 2, НК 1»
Курация мерзімі: 23.01-01.02.2016жыл
Қарағанды 2016 жыл
II.Паспорттық бөлімі
1.Науқастың тегі, аты, әкесінің аты: Арусланова Светлана Николаевна
2. Науқастың жасы: 14.10.1964
3.Жынысы: әйел
4.Мамандығы: зейнеткер
5.Мекен жайы: Қарағанды қ. Октябрский ауд. А.Барбюса көшесі 137
6.Жұмыс орыны: жоқ
7.Лауазымы: жоқ
8.Клиникаға түскен күні және сағаты: 23.01.16. 12:30
9.Аурухана бөлімі: терапия
10.Шығарылған күні: 01.02.16
11.Қан тобы, резус-фактор:
12.Жолдама берген мекеменің диагнозы: Ауруханадан тыс екі жақты төменгі бөліктік пневмония. ДН I-II.
13.Алғашқы диагноз: Ауруханадан тыс екі жақты төменгі бөліктік пневмония. ДН I-II.
14.Клиникалық диагноз: Ауруханадан тыс екі жақты төменгі бөліктік пневмония, орташа ауыр жағдайда. ДН II. Артериалық гипертензия 3 деңгей, қауіп 3. СЖЖ ФК 2, НК 1
III.Науқастың шағымдары.
Науқас ашық түсті шырышты жабысқақ қақырықты жөтелге, қалыпты жағдайда және аздаған физикалық жүктемеде пайда болатын ентікпеге, тыныс алу кезіндегі кеуде тұсының ауырсынуына, дене температурасының 37,5 С дейін көтерілуіне, денесінің ауырлауына, тәбетінің төмендеуіне, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке, АҚ 200/100 сын.б.мм дейін жоғарлауына шағымданады.
IV Шынайы аурудың тарихы (Anamnesis morbi)
Науқас 18.01.16 ж бері өзін ауру сезінеді, осы аптаның ішінде суықтаудың нәжитесінде бронхтық қабыну синдромы жабысқақ қақырықты жөтел түрінде дамыған. Бронхтық қабыну синдромы қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, тыныс қимылында бір жағының қалыңқылығы байқалады.
Өздігімен симптоматикалық ем қабылдаған: Колдрекс, Амброксол, әсері болмаған. Осыған қосарлана жай қозғалыстарға ентікпелер пайда бола бастаған, дене температурасы субфебрильді сандарға дейін көтерілген.Аймақтық терапевтке қаралған, R-граммада екі жақтық төменгі бөліктік пневмония көрінді. Амоксициллинмен антибактериялық терапия қабылдағаннан кейін 1 күн 23.01.16ж тыныс жеткіліксіздігі өрши түскендіктен жағдайы нашарлауымен кезекші аймақтық терапевтке қайта қаралды. Соған байланысты ҚА №1Ф жоспарлы госпитализациялануына жолдама берілді. Түскен кездегі дене температурасы 37.1 С. АҚ 200/100 мм.сын.б. Терапия бөлімшесіне госпитализацияланды.
V.Өмір тарихы(Anamnesis vitae).
Науқас жынысы мен жасына сай дамыған. 1964 жылы Қарағанды қаласының Пришахтинск ауданында отбасында 3 перзенттің 2ші баласы. Білімі орта, жоғары оқу орындарын аяқтаған. Әлеуметтік –тұрмыстық жағдайы жақсы. Тамақтану жағдайы уақытылы, жеткілікті. Еңбек анамнезінде үй шаруасында болған, қазіргі кезде зейнеткер.
Созылмалы аурулары артериялық гипертензия және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар.
Науқаста Боткин ауруы, гепатит, туберкулез, мерез және тері- венерологиялық аурулар болмаған.
Ешқандай хирургиялық оталар жасалмаған.
Отбасылық анамнезінде әкесі гипертоник, анасы ішектің қатерлі ісігінен қайтыс болған.
Зиянды әдеттері жоқ.
Акушер-гинекологиялық анамнезінде етеккір циклі 14 жасынан басталған, реттілігі дұрыс, ұзақтығы 4 күн, ешқандай ауырсынусыз болған. Түсіктер болмаған. Өзінде 2 жүктілікпен босану болған. 53жасында климакс басталған. Гинекологиялық аурулары жоқ.
Аллергологиялық анамнезі тыныш.
VI. Науқастың қазіргі жағдайы (Status praesens)
1) Науқасты жалпы зерттеу
Науқастың жалпы жағдайы интоксикациялық және өкпелік қабыну синдромының әсерінен орташа ауыр жағдайда. Тері қабаты: беті бозарған, еріндерінде акроцианоз. Дене бітімі нормостеник, жеткілікті тамақтану. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Перифериялық ісінулер байқалмайды. Дене қызуы субфебрильді 37.1 С. Бойы 159см, салмағы 80кг.
Терісінің түсі бозарған, эластикалығы (созылғыштығы) –жақсы,
ылғалдығы – қалыптағыдай. Көрінетін кілегей қабаттарының түсі қалыптағыдай. Тері астылық шел (май) даму айқындығы – біртоға, ісіну– байқалмайды, жаралар жоқ. Бұлшық ет жүйесінде бұлшық еттердің даму дәрежесі жақсы, бұлшық еттердің күші сақталған. Қол бұлшық еттерінің күші жақсы. Иықтың бүгу және жазу бұлшық еттерін зерттеу кезінде ешқандай патологиясыз қозғалыста. Сан бұлшық еттерінің күші жақсы. Сүйек–буын жүйесінде сүйектің қысқаруы– байқалмайды, сүйек қаңқасында дөрекі өзгерістер жоқ, буындардың жағдайы, пішіні қалыпты өзгермеген, пальпация кезінде ауырсынбайды, ісінулер жоқ, қозғалған кезде немесе тыныш жағдайда ауырсыну жоқ, сықырлаулар жоқ. Мойын
симметриялы, мойын тұсында бұлтиған құрылым жоқ, тамырлардың соғуы байқалмайды (тиреотоксикоз, аорта клапандарының жетіспеушілігі)
Кеуде (көкірек қуысы) кеуденің пішіні (формасын) – қалыптағыдай, деформация, пішінің өзгеруі жоқ және симметриялы, қабырғаларды пальпациялағанда ауырсынусыз, кеуде жарақаты жоқ.
2) Лимфатикалық жүйе
Лимфа түйіндерінің орналасқан жерін анықтау кезінде (иек астылық, жақастылық, мойын тамырларының бойында сол жақ бұғананың жоғарғы қыры мен төстік бұғана емізіктік бұлшық еттің сыртқы қыры арасында (асқазан қатерлі ісігі болғанда Вирхов метестазы), желкелік, бұғана астылық бұғана үстілік, қолтық астылық, шынтақтық, шаптық, сандық, тақым астылық іш пердесінің артындағы), олардың саны және көлемі, консистенциясы тығыз емес, түйіндер байқалмайды, ауырсынбайды, жылжымалылығы қалыпты.
3) Дем алу жүйесі
Науқастың дем алу түрі құрсақтық, дем алу жиілігі – 22 р/мин, дем алудың тереңдігі және ырғағы қалыпты, өкпенің перкуссиясы кезінде салыстырмалы нәтижеде өкпелік дыбыстың жауырынның бұрышында екі жақты төменгі бөліктік тұйықталуы байқалады. Өкпе аускультациясында салыстырмалы нәтиже – везикулярлық, төменгі бөлігінде әлсіреу, сол жерде әсіресе сол жағында бәсеңдеген ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, дыбыстық дірілі бәсеңдеген;
4) Жүрек–тамыр жүйесі
Науқастың тамыр соғу (пульстің) жағдайы – 82р/мин (жиілігі, ырғағы, толуы және кернеуленді). Артериялық қысым сынап бағанасы бойынша 140/90 мм.с.б., жүрек итерісі оның күші және жайылымы қалыпты. Жүрек тұйықтылығының абсолюттік және шартты шекаралары: БОС 3 қабырға, төстің оң жағында, сол жағында 1,5см БОС. Жүрек түрткісі 5 қабырға бойында.Жүрек аускультациясында тондары әлсіреген. Шулар байқалмайды, перифириялық артериялардың жағдайы қалыпты, көк тамырлар жағдайы: мойын көк тамырларының кеңеюі жоқ, кеуде және іш қабырғасының көк тамырларының кеңеюі жоқ.
Перкуссия әдісімен жүректің салыстырмалы және абсолютті тұйықтығын анықтағанда мынадай мөлшерлеме алынды:
Шекарасы:
Оң жақ : салыстырмалы шекарасы – ІV қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен 1,5 см қашықтықта абсолютты шекарасы -ІV қабырғааралықта төстің сол жақ жиегінде |
Сол жақ: салыстырмалы шекарасы – V қабырғааралықта l. medioclavicularis-тан сыртқа қарай 1 см қашықтықта |
Абсолютты шекарасы -V қабырғааралықта l. medioclavicularis-тан ішке қарай 0,5 см қашықтықта |
Жоғарғы: салыстырмалы шекарасы – рarasternalis бойында ІII қабырғааралықта l. рarasternalis бойында |
абсолютты шекарасы – ІV қабырғааралықта |
Тамыр шоғырының ені – 6,5 см. |
Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс аускультацияда:
№ | Топографиялық сызықтар | Оң жақ | Сол жақ |
l. parasternalis | V қабырға аралық | V қабырға | |
l. medioclavicularis | VI қабырға аралық | VI қабырға | |
l. axillaris anterior | VII қабырға | VII қабырға | |
l. axillaris media | VIII қабырға | VIII қабырға | |
l. axillaris posterior | IX қабырға | IX қабырға | |
L. scapularis | X қабырға | X қабырға | |
L. paravertebralis | XI қабырға | XI қабырға |
5) Ас қорыту жүйесі
Науқастың ауыз қуысының жағдайы қалыпты (ерін клегей қабағының қызыл иектің түсі мен ылғалдығы, тілдің ылғалдығы мен жамылғысы), тістердің жағдайы қалыпты, жұткыншақтың түсі қалыптағыдай, бадамша бездері қалыптағыдай, іштің жағдайы қарағанда: пішіні (конфигурация) – қалыптағыдай, симметриялы, іш кебуі жоқ, іштің тартылып тұруы жоқ, іштің демалуға толық қатысады, іш қабырғасындағы терінің түсі қалыпты, іш қабырғасы көк тамырларының кеңеюі жоқ, перистальтика қалыпты.
Ішке беткей пальпация жасағанда іш қабырғасының жағдайы жұмсақ, пальпация кезінде ауырсынусыз, теріасты шел май қабаты жақсы дамыған. Щеткин- Блюмберг симптомы теріс, жарықтар анықталмады.
Ішке терең пальпацияда ішектер цилиндр тәрізді, ауырсынбайды, спазмирленген, қозғалмалы. Ас қазан, өт қабы, , ток ішектердің жағдайы қалыпты. Бауыр, көк бауыр пальпацияланбайды.
Ішке перкуссияжүргізгенде бауыр тұйықтығы қалыптағы жағдайда абсолюттік тұйықтықтың жоғарғы шекарасы орта бұғаналық сызық бойынша 6 қабырға денгейінде, жауырын сызығы бойынша 10-қабырғада. Төменгі шекарасы ортаңғы сызық бойынша семсер өсіктен 4-6 см төмен (ол конституцияға және кеуде құрылысының ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады), орта бұғаналық сызық бойынша қабырға доғасының сыртына шықпайды.
Ішке перкуссия жүргізгенде перкуторлық ауырсынудың жоқтығы.
Тік ішек пен артқы тесікті зерттегенде сыртқы геморроидальдық түйіндердің жоқтығы байқалды.
Аускультацияда іш перистальтикасы сақталған. Құрсақ аортасында тамырлық шуылдар естілмейді.
Бауыр және өт жолдары.
Қарау: томпаю, бауыр аймағында деформациясы жоқ. Тері, тамырларының кеңеюлері анықталмайды.
Палпация: Образцов-Стражеско әдісімен пальпация жасағанда бауыр аздап ұлғайған, бауырдың төменгі шеті өткір, беті тегіс, жұмсақ, ауырсыну сезімі жоқ.
Перкуссия: Курлов әдісі бойынша бауыр шекарасы:
Бауыр 7 қабырға тұсында орналасқан. Бауырдың көлемі 9 х 7 х 5 см болады: он жақ бүғана ортаңғы сызықпен 9 см (+12 см), алдыңгы ортаңғы сызыкпен 8 см (+12см), сол жақ қабырға доғасымен 7см (+12см).
Көкбауыр перкуссиясында ұзындық өлшемі 66 см, Х қабырға бойымен созылып жатыр, ал ені 45 см.
Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер, Мюсси, Мерфи симптомдары теріс.
6) Зәр шығару, жыныс жүйесі.
Бүйрек аймағында өзгерістер жоқ, соққылау симптомы теріс. Зәр шығару ауырсынусыз, бос.
Қарау: бүйрек аймағында гиперемия және ісінулер байқалмайды. Тимпаникалық перкураторлы дыбыс естіледі, зәр шығару түтігінің үлкейгені байқалмайды. Пальпация: іштің алдынғы бөлігінен пальпацияланбайды. Зәр шығару түтігі пальпацияланбайды. Пальпация кезінде ешқандай ауырсыну жоқ. Тәулігіне зәр шығару жиілігі 3 рет
7) Жүйке жүйесі.
Зерттеген кезде науқастың интеллектілік даму денгейі дұрыс , ашуланғыштығы, бейтараптығы, жылауықтығы, көңіл күйінің күрт өзгерістері жоқ. Науқастың сөйлеу мүмкіншілігі қалыптағыдай, қозғалу реттілігі қалыпты (координация) (статикалық, Ромберг сынағымен анықталады – науқас тік тұрғызып бунақтарын жиып қолын алға создырғанда жеке теңдікті ұстау, саусақ мұрын, саусақ-көрсету, тізе-өкшелік сынақтарды жүргізу). Орталық жүйке жүйесінің аурулар мен жарақаттанулары жоқ (тырыспа, фибриллярлық қозғалыс, парездер, параличтер)және сезіну (тактильдік, ауру және температураны) қабілеті, тері рефлектерінің жағдайы (іштін, табандық кремастерлік), клегей қабат жағының рефлексі (корнеальдық, коньюктивальдың, жұтқыншақтық), сіңірлік рефлекстер (тізе, ахиллдік және т.б.) және дермографизм байқалмайды.
Негізгі клиникалық синдромдардың графикалық структурасы
Өкпенің қабыну синдромындағы симптомдардың графико – структурасы
Жетекші синдромдар және оны талдау
1) Өкпе тінінің жалпы қабынулық өзгерісті синдром – жөтел, қақырықтың бөлінуі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, дауыс дірілі мен бронхофонияның күшеюі, ылғалды сырылдар және рентгенологиялық өзгерістер.
2) Өкпелік инфильтрациялық синдром – обьективті қарағанда перкуторлық дыбыстың тығыздалуы, аускультацияда – тыныс қатаң, әлсіреген, екі жақтық төменгі бөлігінде аздаған ұсақ көпіршікті сырылдар естілуі.
3) Интоксикациялық синдром – әлсіздік, дене температурасының жоғарлауы, делсалдық, тәбеттің төмендеуі, бас және бұлшықет ауырсынуы, жүрек соғысы, бозару.
4) Жалпы қабыну өзгерістері – қалтырау, қызудың көтерілуі, қанның жедел фазалық көрсеткіштерінің жоғарылауы: лейкоформуланың солға ығысуы, нейтрофильдік лейкоцитоз; ЭТЖ-ның жоғарылауы, СРБ-тың пайда болуы, фибриногеннің көбеюі.
5) Тыныс жетіспеушілігі – ентікпе, тахипноэ, үстірт тыныс, гипоксемия.
Басқа аурулармен дифференциальдық диагноз 1 реттілікпен:
Пневмонияны өкпе инфарктынан, ателектаздан, өкпе ісіктерінен, пневмониттен, өкпе васкулиттерінен, туберкулезден, өкпенің шашыраңқы (диссеминацияланған) процестерінен ажырата білу керек.
1. Өкпе инфаркты – травмаға, операцияға ұшыраған, осыдан бұрын тыныс жолының инфекциясымен ауырмаған және қозғалуға шамасы келмейтін немесе тромбофлебиті бар науқастарда күдіктенген жөн. Дене қызуы 39 0С аспайды, қалтырау жоқ, жөтел онша мазаламайды. Бірақ қан қақыру байқалады. Ал науқаста – қалтырау бар, қақырықты жөтел, перкуссияда дыбыстың қысқаруы байқалады.
2. Өкпе ісіктері – өкпе рагынан жасы егде, темекі тартатын адамдарда күдіктенеді. Өкпенің ісіктері көбіне паранеопластикалық белгілермен қатар жүреді, шеттік лимфа түйіндерінің ұлғаюы жиі байқалады. Өнімді жөтелмен, ентігу, кеуде аймағының ауырсынуы, қызба, қан түкіру, стридор – тыныс алу кезіндегі ысқырықты сырыл. Науқастың зиян әдеттері жоқ, лимфа түйіндері ұлғаймаған, стридор байқалмайды.
Болжамды диагноз:
Ауруханадан тыс екі жақты төменгі бөліктік пневмония. ДН I-II
1) Ауруханадан тыс – клиникаға түкенге дейін 48 сағат бұрын аурудың ерте біріншілік симптомдары көріне басталуына негізделген.
2) Пневмония келесі клиникалық синдромдарға байланысты негізделген:
· Бронхо-қабынулық синдром – қақырықты жөтелмен көрінуі
· Өкпелік инфильтрациялық синдром – обьективті қарағанда: аускультацияда – везикулярлы тыныс, әлсіреген; рентгенологиялық зерттеуде кеуде қуысы ағзаларының инфильтративті қарауы байқалуына байланысты
· Жалпы өзгерісті қабынулық синдром – фебрильд і лихорадкамен көрінетін, қан көрсеткіштерінің жедел фазадағы өзгерістерімен көрінеді.
· Интоксикациялық синдром – жалпы әлсіздік, шаршағыштықтың жоғарлауы
3) Төменгі екі жақтық – өзгерістердің обьективті локализациясы екі жақтық төменгі өкпеде (аускультацияда ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар және перкуторлы екі жақтық төменгі бөліктің тығыздалуы байқалады.
4) ДН 1-2 – әлсіз диффузды цианозбен, тыныштық күйдегі ентікпемен , ЖСЖ -24
Зерттеу жоспары:
1. Лабораториялық зерттеулер:
· Микрореакция 25.01.16ж. – теріс
Қорытынды: Микрореакцияда ешқандай патологиялық өзгерістер байқалмайды, қалыпты.
· Жалпы қан анализі 23.01.16ж.:
– Гемоглобин -127 г/л,
– Эритроциты – 4,36*1012/л,
– Лейкоциты–7,0*109/л,
– СОЭ – 13 мм/ч,
– Гемотакрит – 39,9%,
– Тромбоциты – 243*109/л,
– Лимфоциттер – 37,8%
– Моноциттер – 19,3%
– Нейтрофильдер – 42,9%
– ЭТЖ – 9мм/час
– Таяқша ядролары – %
– Сегмент ядролары – %
Қорытынды: Жалпы қан анализінде ешқандай патологиялық өзгерістер байқалмайды, қалыпты.
· Жалпы зәр анализі 25.01.16.г.
–ашық сары, мөлдір
–салыс.тығыздығы – 1016,
– кислая,
– белок- жоқ,
– қант жоқ,
– лейкоциттер-2-1 көру алаңында,
– жалпақ эпителий -3-5 көру алаңында.
Қорытынды: Жалпы зәр анализінде патологиялық өзгеріссіз, қалыпты.
· Коагулограмма 25.01.16ж.
– ПТИ-93%,
– Фибриноген- 3,3г/л.
Қорытынды: Жалпы коагулограммада көрсеткіштер қалыпты.
· Қанның биохимиялық анализі 15.12.15ж.:
– жалпы белок-73,
– мочевина-5,3,
– креатинин-78ммоль/л,
– АлаТ-30 мккат/л,
– АсаТ-32мккат/л,
– общ.билирубин -21,0мк